Германияда «Абай мәдени-іскерлік үйі» ашылды

«Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Берлин қаласында (Германия) «Абай» мәдени-іскерлік үйі салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Германия-Қазақстан қоғамының директоры Галина Нұртазинова, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, Германиядағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.

570d52b0 55c6 483f bd0d effc1f37e478

Іс-шара аясында «Абай мәдени-іскерлік үйінің» тұсаукесері өтіп, Түркиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Отандастар қоры» шетелде «Абай мәдени-іскерлік үйінің» желісін ашу жұмысын жалғастыруда. Бұған дейін «Абай» мәдени-іскерлік үйлері Омбы (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Стамбул (Түркия) қалаларында ашылған еді. 2020 жылдың соңына дейін тағы бір «Абай» мәдени-іскерлік үйін Бішкек қаласында (Қырғызстан) ашылуы жоспарланып отыр.

 

Back to top button