БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамалды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамалды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамалды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов екі айға қамауға алынды. Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "БҚО денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы мен оның көмекшісіне қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды, деп хабарлады өңірлік "Мой город" басылымы.
Болатбек Қаюповтың ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны 29 қазанда белгілі болды. 30 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқарма басшысының сыбайласымен бірге медициналық жабдықтарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 7,8 миллион теңге пара алғанын хабарлады.
Оларға қатысты тергеу басталды.