«Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгрес өтті
«Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгрес өтті
23 қазанда Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгрес өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, Ассамблея мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Конгресс толығымен қазақ тілінде өтті, спикерлер ретінде мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері сөз сөйледі.
Іс-шара барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тіл үйрену тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жолдары туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.