Жаңалықтар

ШҚО-да контрабандалық жолмен тасымалданған 500 келі балық тәркіленді

ашық дереккөзі

ШҚО-да контрабандалық жолмен тасымалданған 500 келі балық тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері контрабандалық жолмен тасымалданған 500 келі балықты тәркіледі. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Браконьер» жедел алдын алу шарасын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Күршім ауылында «ГАЗ-33021» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынының заңсыз балық тасымалдағаны анықталды. «Көліктің жүк салғышынан кілең шортан балығы табылған. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 504 келіні құрады. Осының салдарынан келтірілген залал мөлшері 2,7 миллион теңгеден асқан», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. Жүргізуші қосымша тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.