Мұнай бағасы құлдырап барады

Мұнай бағасы құлдырап барады

Мұнай бағасы құлдырап барады
ашық дереккөзі
Жаздың соңынан бастап арзандаған Brent баррелінің бағасы 36 долларға дейін түсті. Осылайша шикізат бағасы 20 пайызға дейін арзандап отыр. WTI баррелі шамамен 34 долларға саудаланып жатыр. Мұнай бағасының арзандауына негізгі себеп  – коронавирус инфекциясының өршуінен туындаған күдік. Өйткені бірқатар ел соңғы уақытта шектеу шараларын күшейтіп, қайтадан карантин жариялап жатыр. ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндоның айтуынша, 2021 жылғы мұнай өндірісіне қатысты шешім қараша немесе желтоқсан айларында қабылданады. Картель бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 7,7 млн баррельге қысқартқан еді.