Токио Олимпиадасында қолданылатын алаудың 8 айлық туры басталды

2021 жылдың жылдың жазында Токиода өтетін Олимпиада және паралимпиада эстафеталарында қолданылатын екі алау  Жапония астанасында сегіз айлық турды бастады.

KYODO NEWS-тің хабарлауынша, турдың алғашқы күні Олимпиада және паралимпиада алауы Токио үкіметінің ғимаратында көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ барлық 62 қаланы, аудандарды, кенттер мен ауылдарды аралайды, тур 3 шілдеге дейін жалғасады. Адамдар алауды тек жақын жерден ғана көре алады, бірақ оны ұстауға рұқсат етілмейді.

Олимпиадалық алау эстафетасы 25 наурызда Фукусима префектурасында Олимпиаданың ашылу салтанатында от жағылған кезде басталып, 9-23 шілде аралығында өтеді.

Ал паралимпиадалық алау эстафетасы 12 тамызда бастау алып, 20-24 тамыз аралығында, екінші паралимпиада ойындары өтіп жатқан кезде Токиоға аттанбақ.

 

Back to top button