Ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы ескірген

Ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы ескірген

Ауыл шаруашылығы техникаларының 80 пайызы ескірген
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап елімізде істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеуге қабылдаудың бағдарламасы іске қосылды. Пилоттық бағдарлама Қарағанды облысындағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауыт алаңында қабылданады. Тозығы жеткен агротехниканы қабылдау Қазақстанның 10 аймағында (Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Тараз) жүзеге асырылады. Пилоттық жоба аясында комбайндар әзірге Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау қаласында қабылданады. Айта кету керек, тракторлар мен комбайн тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріледі. Жеңілдік сертификатының құны ауыл шаруашылығы техникасының түрі мен жинтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 100 трактор мен 20 комбайн қабылдау жоспарланып отыр.