Жаңалықтар

«Барселонамен» кездесу алдында «Динамоның» алты ойыншысы коронавирус жұқтырды

Чемпиондар лигасындағы «Барселонамен» матч алдында киевтік «Динамоның» алты ойыншысынан коронавирус анықталды. Ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды РенТВ.

Атап айтқанда, Георгий Цитаишвили, Денис Гармаш, Миккель Дуэлунд, Александр Караваев, Тудор Бэлуцэ және Николай Шапаренконың тест талдаулары оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, бас бапкердің ассистенті Эмиль Карас пен клубтың төрт қызметкері де індет жұқтырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін италиялық «Лацио» футбол клубы команданың бірнеше мүшесі коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Клуб COVID-19 инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен спортшылардың есімін атаған жоқ. Ойыншылар өз-өзін оқшаулап жатыр, ойындардан шеттетілген.

Back to top button