Алдағы қыс қандай болады – Қазгидромет болжамы

Алдағы қыс қандай болады – Қазгидромет болжамы

Алдағы қыс қандай болады – Қазгидромет болжамы
ашық дереккөзі
Қазгидрометтің синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлады. "2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аймақтарынан жылы және ылғалды ауа массалары жиі-жиі кіріп тұрды. Жер қабатында белсенді циклондық әрекет байқалып, атмосфералық фронттардың өтуі жиіледі, соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мол түсті", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында. Метеорологтардың болжауынша, алдағы қыста ел аумағында температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда норма төңірегінде қалыптасады. Желтоқсан мен қаңтарда Қазақстанның батысын қоспағанда, республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, ақпанда жауын-шашын республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, ал оңтүстік-батыстың жартысында норма шамасында түседі.