Түркиядағы зілзала: Үйінді астында үш күн жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылды

Түркиядағы зілзала: Үйінді астында үш күн жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылды

Түркиядағы зілзала: Үйінді астында үш күн жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылды
ашық дереккөзі
Құтқарушылар Измир қаласында қирандылардың астында үш күн жатқан жатқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарды. Элиф Перинчек – Түркияның батысында болған зілзаладан соң құтқарушылар аман алып шыққан 106-шы тұрғын, деп хабарлайды Анадолы. Бүлдіршін жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Элифтің туыстары бұл оқиғаны таңғажайыпқа балап отыр. Бұның алдында бүгін құтқарушылар үйіндінің астынан 14 жасар Идиль Ширинді алып шыққан болатын. Еске сала кетсек, 30 қазанда Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51 кезінде Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте. Зілзала құрбандарының саны 79 адамға жетті. Зардап шеккен 963 адамның ішінде 743 адам ауруханадан шығарылды, 219 адам ем қабылдап жатыр.