Жаңалықтар

БҚО-да үш жасар баладан коронавирус анықталды

ашық дереккөзі

БҚО-да үш жасар баладан коронавирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында үш жасар баладан коронавирус табылып, балабақша карантинге жабылды. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Қаратөбе ауданында балабақшаға барып жүрген 3 жасар балаға жоспарлы ота алдында өткізілген медициналық тексеріс кезінде COVID-19 анықталған. Үйінде және балабақшада қарым-қатынаста болған адамдардан сынама алынуда. Аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес балабақша карантинге жабылды. Балабақшада қорытынды дезинфекция жүргізілді. Облыста індеттің өсе түскені байқалады. Тек соңғы тәулікте 13 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы саны 7 037-ге жетті.