Филиппинде "Гони" тайфуны 7 адамның өмірін жалмады

Филиппинде "Гони" тайфуны 7 адамның өмірін жалмады

Филиппинде "Гони" тайфуны 7 адамның өмірін жалмады
ашық дереккөзі
Филиппиннің шығыс аймағында соққан жойқын "Гони" тайфуны жеті адамның өмірін қиды. Құрбандар саны бұдан да көп болуы ықтимал. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. 1 қараша күні "Гони" супертайфуны Филиппиннің Катандуанес провинциясында құрлыққа шыққан, содан кейін тайфунға дейін әлсіреді.  Екпіні 225-тен 280 км/сағатқа дейін болды. Қазір ол тропикалық дауыл деңгейіне дейін төмендеді. Расталған мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан жеті адам қайтыс болды. Бірақ қайтыс болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам бар. Дауыл ел астанасы Маниланы да айналып өтпеген: жүздеген мың адамдар үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Гони - Филиппиндегі 2013 жылы 6000-нан астам адамның өмірін қиған жойқын тайфуннан кейінгі ең күшті дауыл деп саналды.