Ыстықкөлде 3,5 балдық жер сілкінісі болды

2 қараша, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Ыстықкөлде 3,5 балдық жер сілкінісі болды Ыстықкөл облысында эпицентрдегі күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. Сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері бүгін, 2 қазан сағат 00:05-те тіркелді. Джеты-Огуз ауданының Дархан, Саруу, Кызыл-Суу, Жалгыз-Орук ауылдарында жер сілкінісінің күші 2,5 балды құрады. Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.