Қыздар университетіндегі айтыс

Сондай-ақ!

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік декорацияға былтырдан қалған шыршалар мен...

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға алмастырмақ болған деген күдікке ілінді. Калифорниядағы құзырлы органдар Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік басшысы...

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. «Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын....

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

Ұлы ақын, ойшыл, дала кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең – сөздің патшасы…» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған жыр бәйгесіне жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың таным-талғамын ұлт руханиятына бағыттауды көздейтін сөз зергерлері сайысының алғашқы айналымына 14 адам қатысып, ақтық кезеңге 4 студент жолдама алды. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Нұрбол Жауынбаев, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Ардақ Адалбек, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті Злиха Наурызалина және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Жасар Нұрданбекұлы бар.

Шара Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың құттықтау сөзімен ашылды.

– Биыл ұлы ақын, дала кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтілуде. Абайға бет бұру, «өткеннің арты, жаңаның басы едім» деген ұлы ақынның тағылымына терең бойлау – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие. Абай – ұлттық болмыстың айқын үлгісі. Абай – дала даналарының барша жақсы қасиеттері мен асыл мұраларын бойына сіңіре отырып, ұлт әдебиеті мен мәдениетін баға жетпес қазыналармен байытқан дана да дара тұлға. Абай – адамзатқа ортақ кемеңгер. Ұлы ойшылдың шығармаларының 30-дан астам тілге аударылып, өміршең өлеңдері мен пәлсапалық ойлары әлемдік әдебиеттің алтын қорына енуі бұл сөзімізге айқын дәлел, – деді Гаухар Алдамбергенова.

Университет басшысы кемеңгердің тойы ойдың тойы болуы қажет екендігін атап өтті.

– Кемеңгердің тойы ойдың тойы болуы қажет. Ұлы Абайдың тойы тағылымның тойы болуы тиіс. Осыған орай Қыздар университетінің данышпанның мерейтойына орай республикалық жас ақындар айтысын өткізуді ұйғарды. Басты мақсат – жастардың өрнекті сөздері мен өрелі өнері арқылы ел мұраты мен құндылықтарын насихаттау. Келісті де кестелі сөзді жанына серік еткен аламанға қатысушыларға табыс және жеңіс тілеймін! Кемелдік кілтін ұсынған Абай мұрасы жаңғыра берсін, – деді өз сөзінде Гаухар Төремұратқызы.

Айтыс барысында ақындар «Абай – дана, Абай – дара», «Рухани жаңғыру – басты бағдар», «Туған жер – тұрған жермен өлшенбейді», «Ана тілім – ардағым», «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыптары бойынша сөз жарыстырды.

Ұлттың ұлылығын ұлықтап, төл мәдениетіміздің мерейін арттыруға сеп болған сөз сайысында Нұрбол Жауынбаев үздік атанып, байқаудың бас жүлдесін қанжығасына байлады. Бірінші орын Жасар Нұрданбекұлына берілсе, екінші орын Злиха Наурызалинаға бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынға Ардақ Адалбек лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың «Алғыс хатымен», арнайы дипломдармен және «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхамед пен «Tasgroup» компаниясының басқарушысы Дулат Тастекеев тағайындаған сыйақыларымен марапатталды.

Аламан айтысқа қатысушылардың өнерін Талант Арынғали, Саят Қамшыгер, Ләззат Игісін сынды танымал ақындар бағалап, жыр додасына қазылық жасады.

Осы орайда айта кетейік, өнер сайысының жоғары деңгейде өтуіне Қыздар университетінің Филология институтының қосқан үлесі мол. Институт директоры Тыныштық Ермекованың айтуынша, хәкім мерейтойына арналған өнер жарысының мақсаты – Абай мұралары арқылы ұлт әдебиетінің табыстарын және тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктерді дәріптеу.

– Байтағы – сырға, көмейі – жырға тұнған Ұлы даланың төсінде сан ғасырлар бойы төл руханиятымыздың сарқылмас қазынасына айналған құндылықтар қалыптасты. Ұлттық болмысымыз бен айқын нышанымызға айналған дара дәстүріміз пайда болды. Бабадан балаға мирасқа айналған мәдени мұраларымыз екшелді. Соның бірі – айтыс өнері. Айтыс – дәуірлермен қанаттасып, ғасырлармен үндесіп, заманалармен тілдесіп келе жатқан ұлы өнер. Айтыс – қазақтың қанына сіңген бекзат яки бірегей дүние. Бұл өнер – дала философиясымен сабақтасып, қанаттасып жатқан мәдени мұраларымыздың бірі һәм бірегейі ретінде ұлт қазынасының қатарына енді, – деп атап өтті Қыздар университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Жандар Асан.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...
Қалқаман Сарин

Қалқаман Сарин: шетелдегі қандастарға ана тілді үйрету арқылы көмектесе аламыз (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=kpBIsawEmfU&feature=youtu.be&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...