Астық қамбаларының жалпы сыйымдылығы - 26,6 млн тонна

Астық қамбаларының жалпы сыйымдылығы - 26,6 млн тонна

Астық қамбаларының жалпы сыйымдылығы - 26,6 млн тонна
ашық дереккөзі
Қазақстанда 204 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті. «Қазіргі таңда республикада жалпы сақтау сыйымдылығы шамамен 13,8 млн. тоннаны құрайтын 204 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 12,8 млн. тонна астыққа арналған сақтау сыйымдылығы бар. Осылайша, қолда бар астық сақтау орындарының жалпы көлемі 26,6 млн. тоннаны құрайды. Бұл күтіліп отырған жаңа астық түсімін есепке алғанда, астық сақтау үшін жеткілікті», - деді Қ.Айтуғанов. Белгілі болғандай, ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында 1,6 млн. тоннадан астам астық сақталуда. Оның ішінде, негізгі егін егетін үш облыстың астық қабылдау кәсіпорындарында 1,4 млн. тонна астық сақтауда. Яғни, Ақмола облысы - 536,5 мың тонна, Қостанай облысы - 391,5 мың тонна, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы 488,6 мың тоннаны сақтап отыр. Министрлік мәліметінше, 2016 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 21,7 млн. гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар - 15,2 млн. гектарды, бидай  12,2 млн. гектарды құрайды. Майлы дақылдар 1,9 млн. гектар, жемшөптік дақылдар - 4,0 млн. гектар, мақта - 109,3 мың гектар, қант қызылшасы - 12,1 мың гектар, картоп пен көкөніс бақша дақылдары тиісінше 183,7 және 230,0 мың гектар алқапта орналастырылды. Бұл ретте, 2015 жылмен салыстырғанда бидайдың алаңы 441,4 мың гектарға, дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 26,3 мың гектарға, мақта алаңы 10,1 мың гектарға, қант қызылшасы 2,7 мың гектарға ұлғайды.