Қазақ боксшылары WBO және WBC титулдарына қол жеткізді
Қазақ боксшылары WBO және WBC титулдарына қол жеткізді
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда қазақстандықтар бірден бірнеше чемпиондық белбеуді сарапқа салды, деп хабарлайды Sports.kz.
Мирас Ертанов (2-0, 0 КО), Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО), Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) және Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) чемпиондық белбеуді жеңіп алды.
Титулдық жекпе-жек нәтижесі:
Мирас Ертанов (2-0, 0 КО) — Дарын Имаханов (1-1, 0 КО). Ертанов ұпай саны бойынша жеңіске жетіп, бірінші орта салмақта WBC ABC Silver титулын жеңіп алды.
Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО) — Ерасыл Ақранбек (1-1, 0 КО). Жеңіс Сұлтанбайдың еншісінде. Ол бірінші орта салмақта WBO Asia Pacific титулын иеленді.
Әлімжан Тұрсынов (4-0, 3 КО) — Бекет Қожабеков (1-1, 0 КО). Тұрсынов төртінші раундта нокаутпен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBC ABC Silver титулына қол жеткізді.
Торғынбек Әміров (2-0, 0 КО) — Нұрболат Бекбауов (1-1, 1 КО) жекпе-жегі бірауыздан төрешілердің шешімімен Әміровтің жеңісімен аяқталды. Ол екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO Asia Pacific бос титулының иегері атанды.