Измирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 76-ға жетті

Измирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 76-ға жетті

Измирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 76-ға жетті
ашық дереккөзі
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 76 болды. Бұл жөнінде Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды  Анадолы. 1 қараша сағат 17.20 кезіндегі соңғы ақпаратқа сүйенсек, ауруханаға зілзаладан зардап шеккен 940 адам жеткізілген. Оның ішінде 722 адам көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. 28 науқас әлі ем алып жатыр. Үйінділерді аршу, құтқару-іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Жер сілкінісінен кейін 947 жер асты дүмпуі болған, оның 43-інің магнитудасы 4 балдан асты. Еске сала кетсек, 30 қарашада Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51 кезінде Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, еліміз Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін жеткізді.