COVID-19: Ресейде бір тәулікте 19 мыңға жуық адам індет жұқтырды

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 19 мыңға жуық адам індет жұқтырды

COVID-19: Ресейде бір тәулікте 19 мыңға жуық адам індет жұқтырды
ашық дереккөзі
Ресейде өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 18 665 дерегі тіркелді. Бұл туралы елдегі індеттің таралуымен күрес жөніндегі жедел штабтың Тelegram-арнасында хабарланды.  Жаңа жаңдайлардың көпшілігі Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары мен Мәскеу облысында тіркелді. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде 245 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Індет таралғалы Ресейде 1 636 781 адамнан коронавирус анықталды. Қатерлу вирустан 28 235 адам көз жұмды. 1,2 миллионнан аса адам емделіп шықты.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 465 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 112 418-ге жетті. 106 мыңнан астам адам емделіп шықты. Дерті асқынған 1825 адам қайтыс болды.