Жаңалықтар

Коронавирусқа жаңа атау берілді

ашық дереккөзі

Коронавирусқа жаңа атау берілді

Еуропадағы науқастанғандардың 80% -ы мутацияланған коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ақпарат ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында хабарланды. Мұндағы мәліметке сүйенсек, бұл вирус осы көктемде және жазда бүкіл әлемді жайлаған вирустан өзгеше. Оған 20A.EU1 деген атау берілді. Гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралды. Испан генетигі Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың бұқаралық іс-шараға қатысуынан басталды деп болжайды. Ғалымның болжамынша, вирустың одан әрі тез таралу себебі Испанияда демалып жатқан азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтамауымен байланысты болып отыр. Мутацияланған вирустың тарау жылдамдығы және оның қаншалықты қауіпті екені әзірге белгісіз. Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталды.