Жаңалықтар

Карантин: Елордада бір аптада 184 заңбұзушылық анықталды

ашық дереккөзі

Карантин: Елордада бір аптада 184 заңбұзушылық анықталды

23-29 қазан аралығында елорданың барлық аудандарында 57 рейд жүргізілді.1400-ден астам ШОБ тексеріліп, 184 заң бұзушылық анықталды. 54 айыппұл салынды. Елорда әкімдігі, СЭС өкілдері, еріктілер және полиция қызметкерлері карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша рейдтерді жалғастыруда. Сонымен, 30 және 31 қазанда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін Алматы ауданының мобильді тобы 34 нысанды тексерді. "Көбіне кафелер, мейрамханалар, тамақтану орындары жұмыс уақытын үзіп тастайды. Әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша ескертпелер бар. Сонымен қатар кейбір мекемелер ұжымдық іс-шаралар, туған күн, үйлену тойларын өткізіп, карантин тәртібін өрескел бұзады", деді Алматы аудандық ТКҚСҚ бақылау басқармасы басшысы Гаухар Шапатаева.