Жаңалықтар

Грекияда ішінара локдаун енгізілді

ашық дереккөзі

Грекияда ішінара локдаун енгізілді

Грекияда 3 қарашадан бастап ішінара локдаун енгізіледі. Тамақтану орындары, мұражайлар мен театрлар бір айға жабылады, деп хабарлайды Lenta.ru. "Сейсенбі күні таңғы сағат 6-да күшіне енетін жаңа ережелер вирустың таралуына ықпал ететін екі салаға, яғни ойын-сауық шаралары мен азаматтардың қозғалысын тыюға бағытталған", – деді елдің премьер-министрі Кириакос Мицотакис. Сонымен қатар, ол экономиканың өнеркәсіптік секторы, бөлшек сауда және мектептер жұмысы тоқтатылмайтынын атап өтті. Коронавирустың алғашқы толқынында Грекия биліктің сарапшылар кеңесіне құлақ асуы және адамдардың ынтымақтастығының арқасында коронавирус эпидемиясымен сәтті әрі жемісті күрескен елдердің бірі болды. Пандемия басталғалы Грекияда 37 мың адам коронавирус жұқтырған, 620 адам қайтыс болып, тағы 1347 адам аурудан емделіп шыққан. Айта кетейік, бүгіннен бастап Ливанда коменданттық сағат тәртібі енгізілді. Ел тұрғындарына кешкі сағат тоғыздан таңғы беске дейін үйлерінен шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, бұдан бұрын Германияда локдаун енгізілетінін хабарлағанбыз. Елдегі барлық көңіл көтеру орындары, мейманханалар, дәмханалар мен көптеген қызмет көрсету нысаны бір айға жабылады. Жаңа шектеулер 2 қарашадан бастап айдың соңына дейін жалғаспақ. 30 қазаннан Франция да өзін-өзін оқшаулау режимі енгізілді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін созылады.