Психолог телефонмен кеңес береді
Психолог телефонмен кеңес береді
2016 жылдың 5 айында Онлайн қолдау көрсету қызметі мүгедектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға консультативтік және психологиялық көмек көрсету үшін 172 ата-анаға қызмет көрсетті, деп хабарлады Pm.kz.
Онлайн қолдау көрсету қызметінің негізгі мақсаты - мүгедек баласы бар отбасына консультативтік көмек көрсету. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дұрыс психологиялық денсаулығын құруға жағдай жасау, отбасындағы жағымды әлеуметтік-психологиялық ортаның қалыптасуына, сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық көмек беруге жәрдемдесу болып табылады.
Қызметтің жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ата-аналардың үйден шықпай-ақ кәсіби кеңес алуына мүмкіндік береді.
Анықтама үшін:
2015 жылдың маусым айынан бастап, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау бойынша жобаны жүзеге асырып келеді. Мамандардың кеңесіне өтінімдер тәулік бойы 1411 тегін нөмірі бойынша қабылданады.