Мбаппе ең қымбат футболшы атанды

Мбаппе ең қымбат футболшы атанды

Мбаппе ең қымбат футболшы атанды
ашық дереккөзі
Франция құрамасы мен ПСЖ-ның шабуылшысы Килиан Мбаппе 21 жастан аспаған футболшылардың ішінде ең құндысы атанды, деп жазады prosports.kz. 21 жастағы футболшының нарықтағы құны 183,3 миллион еуроны құрады. Үштікке «Атлетико» ойыншысы Жоау Фелиш (104 миллион) пен «Челси» футболшысы Кай Хаверц (98 миллион) енді. Сондай-ақ тізімде Альфонсо Дэвис (Канада, «Бавария», 88,3 миллион), Маттейс Де Лигт (Нидерланды, «Ювентус», 86,8), Джейдон Санчо (Англия, «Боруссия»/Дортмунд, 86,6), Эрлинг Холанд (Норвегия, «Боруссия»/Дортмунд, 68,3), Ашраф Хакими (Марокко, «Интер», 66,3), Виктор Осимхен (Нигерия, «Наполи», 63), Ферран Торрес (Испания, «Манчестер Сити», 57,7) бар.