Тоғыз күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен қызылордалық аман-есен табылды
Тоғыз күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен қызылордалық аман-есен табылды
Қызылордада тоғыз күн бойы іздеуде болған 42 жастағы азамат аман-есен табылды.
Облыс орталығында тұратын 41 жастағы азаматша 22 қазанда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына күйеуінің хабарсыз кеткені жөнінде хабар берді. Күйеуі көлігімен белгісіз бағытта шығып, үйіне қайта оралмаған.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмысына кірісті. Бұл бойынша барлық полиция бекетіне хабарланып, жоғалған азаматтың суреті жіберілді. Жоғалған азамат бүгін сағат 9.00 шамасында табылды. Ол туыстарымен аман-есен табысты. Денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.