ШҚО-дағы бірқатар бағыттағы жолаушылар пойызының маршруты қысқарды

ШҚО-дағы бірқатар бағыттағы жолаушылар пойызының маршруты қысқарды

ШҚО-дағы бірқатар бағыттағы жолаушылар пойызының маршруты қысқарды
ашық дереккөзі
Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар бағыттағы жолаушылар пойызының маршруты қысқартылды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қарашаның 2-сінен бастап «Павлодар-Алматы-2» бағытындағы пойыздың Дегелең, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай станцияларында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салынады. «Алматы-2-Өскемен-1» пойызы бұрынғыдай күн сайын емес, күн аралатып жүретін болады. Сонымен қатар «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы күн сайын емес, аптасына бір рет қатынайды. «Шығыс Қазақстан облысының барлық станцияларынан түсетін жолаушыларда тапсырылғанына 3 күннен аспаған COVID-19 инфекциясын жұқтырмағандығын растайтын сынама нәтижесі болуы керек. Осыған дейін пойыз билетін сатып алғандар ақшаларын қайтара алады. Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша біле алады. Тұрғындарға коронавирус пандемиясы кезінде дерттің таралуының алдын алу мақсатында қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз», – делінген хабарламада.