Алматыдағы «Жiбек жолы» базaрындағы өрт сөндірілді

31 қазан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Жiбек жолы» базaрындағы өрт сөндірілді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли 31 қазан сағат 14.41-де Aлатау ауданының Райымбек даңғылы бойындағы «Жiбек жолы» базaрында өрт шыққанын хабарлады. Өрт сөндipушiлер сағат оқиға орнына сағат 14:48-де жетті. Осы кезде базардың автобөлшектер сататын 8 контейнерiнiң жоғары бөлiктерi жанып жатқан. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 30 минутта ауыздықталды. 80 шаршы метр аумақты жалмаған жалын 15.28-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 67 адам және 16 бipлiк техника, сондай-ақ өзара әрекет ету қызметтері жұмылдырылды.