Жаңалықтар

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

ашық дереккөзі

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі нелер тағдырды бастан кешірді. Небір бұралаң жолдардан атан түйе аттап өтсе де, тайлақ тайып жығылған сәттер көп. Әйткенмен қазақтың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп – «қандасым» деп ағылған көштің алдынан шығып, жез бұйдасын ұстаған атажұрттағы ағайынның ақжарма пейілі, алғаусыз мейірі болатын. Қазір  әлемде объективті көші-қон процесі жағдайында «диаспора», «шетелдегі отандастар», «ерікті қоныс аудару» сияқты ұғымдар бар. Әлемнің көптеген елі шетелдердегі этнобірегейлік қоғамдастықты қолдау саясатын дамыту, «жұмсақ күшті» пайдалану арқылы ақпараттық және мәдени ықпал етудің кешенді құралы ретінде өз мүдделерін іске асыру барысында бар мүмкіндіктерін пайдалануда. Қазақстан шетелдегі отандас­тарды, этникалық қазақтарды жан-жақты қолдау қажет екенін жақсы біледі. Мұны шет­елде тұратын қандастар да тү­сінеді. Гер­мания, Израиль, Ресей сияқты Қа­зақстан да өз қандастарын тарихи отанына шақырып отырған санаулы елдің бірі. Біз қазақ көшінің ілгері жылжуына тәкелей әсер еткен бірнеше мәселені қарап көрдік.