Өтепберген Әлімгереев: Көші-қон заңы бекімей, мәселе шешілмейді (видео)

Өтепберген Әлімгереев: Көші-қон заңы бекімей, мәселе шешілмейді (видео)

Өтепберген Әлімгереев: Көші-қон заңы бекімей, мәселе шешілмейді (видео)
ашық дереккөзі
Атырау өңірі Түркіменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Өңірде 2018 жылғы санақ бойынша 631 841 жан саны тіркелген. Оның 20 мыңнан астамы – шетелден көшіп келген қандастар. Осыған орай газетіміздің Atajurt жобасы аясында Атырау облысына арнайы іссапармен барып, қандастардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік. Атырауға жасаған сапарымызда әуелі Дү­ниежүзі қазақтарының қауым­дас­ты­ғының жергілікті өкілі, белгілі қаламгер Өтеп­берген Әлімгереевпен жолықтық. Ол кісі – Атырау өңірінің телерадиосында ұзақ жыл­дар қызмет еткен ардагер журналист,  Ма­хамбет атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құр­мет» орденінің иегері. «Еділ жайлаған қа­зақтар», «Алаш аңсаған азаттық», «Сарай­шық» және «Шетел асқан ағайын» секілді құн­ды еңбектердің авторы. Қазір Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығының Атыраудағы бөлім жетекшісі қызметін атқаруда. https://www.youtube.com/watch?v=4XLn4DIkicI&t=9s&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly – Тағдыр-талайымен, қызмет бабымен, бас­қа да жағдайлармен қиыр қонып, шет жай­лаған қандастарымыз көп. Қазір әлем­нің 46 елінде қазақтар өмір сүріп жатыр. Мы­нау іргелес жатқан Астрахан облысында 250 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Одан ары Қалмақ Республикасында 5 мың­нан астам, Сартауда (Саратов) 80 мыңнан астам қазақ бар. Олардың көбі біздің батыс ай­маққа жақын жатқан жерлер болған­дық­т­ан осында көптеп келеді. Дүниежүзі қазақтары қауымдасты­ғы­ның Атыраудағы бөлімі 2004 жылдан бас­тап жұмыс істеп келеді. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты – Атырау облысына іргелес жат­қан елдердегі қазақтармен жұмыс істеу және осында көшіп келген ағайындардың жағдайына қарайласу. Осы ретте Атырау облысында Көші-қон қызметі 1994 жылдан бас­тап жұмыс істей бастады. Иран, Түркия, Түр­кіменстан және Өзбекстаннан қан­дас­тар қоныс аударды. Түркіменстандағы ағайын­дар біздің Жылыой деген жермен бұрын­нан жапсарлас жатыр. Одан бөлек, Қарақалпақстаннан ағайындар көптеп келді. Олардың да арғы түбі аштық кезінде кет­кен және шекара бөлгенде шетте қалған осы өңірдің адамдары, – дейді Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығының өкілі Өтеп­берген Әлімгереев. – Іргелес жатқан Астрахандағы қазақ­тар­дың «Жолдастық» деген қоғамдық мә­дени-рухани орталығы табанды, жүйелі жұ­мыс істеп келеді. Ресейдің біраз жерінде бө­лімдері бар. Жыл сайын ұлттық мереке­лер­ді ұлықтап, қазақылықты сақтап қалуға өз үлесін қосуда. Ресейдің басқа өлкелерімен салыстырғанда Астрахандағы қазақтардың қа­зақ тілін білуі, ұлттық болмысты және салт-дәстүрді сақтауы анағұрлым артық. Олардың тек Атырау облысы ғана емес, жал­пы батыс аймақтардағы Орал, Ақтөбе, Маң­ғыстау облыстарымен де рухани-мә­дени байланысы берік, – дейді ол. Атырау – мұнайлы, бай өлке дейміз. Алай­да онда оралған ағайындардың әлеу­мет­тік жағдайы әлі әлсіздеу екені байқалады. Осы­ған қатысты сұрағымызға: – Алғаш келген кезде қандастарды бас­па­намен қамту мүмкіндігі болды. Жұмыс тауып беру мәселесі де қарастырылған еді. Қа­зір оның бәрі сиреді. Сондықтан проблема да көбейді. Жасыратын несі бар, қан­дас­тарды құжаттандыру ісінде де кемшіліктер жетеді. Мысалы, шетелдерден әртүрлі сала­ның қыр-сырын игерген мамандар келеді. Оларды дұрыс пайдалану жағы да жетің­кіре­мей жатыр. Әңгіменің бәрі заңға келіп тіреледі. Заң сол­қылдақ. Оны тиянақтап алмай халыққа қыз­мет көрсету қиын, – деп жауап берді ол. Сондай-ақ оның айтуына қарағанда, Ре­сейден көбіне өндіріске икемді мамандар келеді. Біздің жағдайда мұнайымыз бар, құ­рылысымыз бар бүгінгі индустрия әр салалы. Соның нағыз мамандары шеттен ке­ле­тін қандастардың арасында көп. Өз­бекстаннан ауылшаруашылық саласының мамандары келеді. Біз ауыл шаруашылығын дамытамыз деп айқайлағанда дауысымыз қатты шығады, ал еңкейіп күрек ұстасақ, беліміз бүгілмейді. Қысқаша айтқанда, қа­лай да шетелден келіп жатқандардың бізге әкелетін өзіндік жаңалығы мол. Біз қанша дегенмен Кеңес үкіметінің құра­мында болдық. Сол санамызға әбден сің­гені сонша, іс-қағаздардың көбін орысша жүр­гізгіміз келіп тұрады. Ал шеттен ке­летіндердің дені орыс тілін білмейді. Дайын мамандар өз саласы бойынша қызмет істей алмайтыны да содан. Шеттен келіп жатқан мамандар бір сөзбен айтқанда өз мүмкін­діктерін пайдалана алмай отыр. Сондықтан біз тәуелсіздікті нығайтамыз де­сек, ана тілге көңіл бөлуіміз қажет. Қазақ тілі салтанат құрса, шетелден келген қазақ­тар­дың бар мүмкіндігін аша алар едік, – деп ағынан жарылған Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығының өкілі Өтепберген Әлім­гереевтің бізге берген жауабына қарап, Аты­­раудағы қандастардың әлеуметтік ахуа­лын зерттей түсуіміз қажет деп түйдік. Әлбетте, алдымыздан сол құжат мә­селесі, білім саласы және ауыл шаруашы­лы­ғына қатысты қордаланған түйткілдер кез­десті. Ендеше соларға жеке-жеке тоқта­лып өтейік. https://www.youtube.com/watch?v=4XLn4DIkicI&

Сұхбаттасқан: Бақытбек ҚАДЫР

Сюжетті жасаған: Нұрған Тұрғымбай