Бүгін бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлайды

31 қазан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Бүгін бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлайды «Қазгидромет» РМК 31 қазан күні еліміздің қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы айтты. Синоптиктер мәліметінше, бүгін Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысының Балқаш қаласында атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.