Жаңалықтар

Луговая станциясы «Түрксіб» деп өзгерді

ашық дереккөзі

Луговая станциясы «Түрксіб» деп өзгерді

Луговая станциясы Түрксібтің 90 жылдығын мерекелеуге байланысты «Түрксіб» деп аталды. Бұл бастама ел тарихы үшін маңызды жобаға қатысқан құрылысшылар мен теміржолшылардың еңбегін мәңгі есте сақтауға бағытталған. Атап айтар болсақ, 1927 жылы 21 қарашада Луговая станциясында теміржолдың алғашқы рельстері салынды. Ал 1930 жылы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді. Осы жерде Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың қатысуымен құрылыс алаңының ресми ашылуы өтті.