ШҚО-да 1 қарашадан бастап 13 санитарлық пост қойылады

ШҚО-да 1 қарашадан бастап 13 санитарлық пост қойылады

ШҚО-да 1 қарашадан бастап 13 санитарлық пост қойылады
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап 13 санитарлық пост қойылады. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27 қазандағы №23 қаулысына өзгерістер енгізілді. Құжатта жазылғандай, қала және аудан әкімдеріне денсаулық сақтау басқармаларының, мемлекеттік кірістер департаментінің, полиция департаментінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшылары аймақ шекарасындағы 13 санитарлық посттың жұмысын қамтамасыз етуі керек. «Санитарлық посттар Алматы (1), Қарағанды (1), Павлодар (2) облыстарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін жолдардағы «Ауыл», «Уба» өткізу пункттерінде (Шемонаиха ауданында – 1, Бородулиха ауданында – 1) және Өскемен қаласында (7) қойылады. Посттардың жұмыс режимі мен мерзімі COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін», – делінген қаулыда. Десе де облыс тұрғындары Өскеменнен басқа аудан-қала аралығында еш кедергісіз жүре алады. Ал еліміздің басқа аймақтарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін өңір азаматтары бес күн бұрын жұмыс берушінің қаражаты есебінен COVID-19-ға сынама тапсыруы тиіс. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 1 қарашадан бастап блокпостар қою жоспарланып отырғаны хабарланған.