Жаңалықтар

Алматыдағы теракт кезінде жараланған тағы бір полицей қаза болды

ашық дереккөзі

Алматыдағы теракт кезінде жараланған тағы бір полицей қаза болды

Алматы қаласында болған терактілік оқиғадан бірнеше полиция қызметкері жараланған болатын. Оның көбі жансақтау бөліміне түскені белгілі. Бүгін таңертең 12-ші қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде Руслан Күлекбаевтың оғынан ауыр жараланған полицей көз жұмды. Дәрігерлер патруль полицейінің жағдайын аса ауыр екенін мәлімдеген. Олар тәртіп сақшысының өмірін арашалап қалу үшін барлық мүмкіндікті жасағанын айтты. Полиция сержанты Келдібаев Жалғас Аманбайұлы, 1992 жылы 1 қыркүйекте туған. Алматы қаласының ІІД Жол-патрульдік полициясы полкінің полицейі. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан қызмет еткен. Үйленбеген. Алматы қаласының ІІД басшылығы, ардагерлер кеңесі мен жеке құрамы Жалғас Келдібаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.