«Бекет Ата – түркі әлемінің танымал тұлғасы» атты халықаралық конференция өтті

«Бекет Ата – түркі әлемінің танымал тұлғасы» атты халықаралық конференция өтті

«Бекет Ата – түркі әлемінің танымал тұлғасы» атты халықаралық конференция өтті
ашық дереккөзі
Ақтау қаласының Yessenov University базасында Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына арналған «Бекет Ата – түркі әлемінің танымал тұлғасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Серікбай Трұмов, сондай-ақ Қазақстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен келген теолог-ғалымдар, саясаттанушылар, философтар мен дінтанушылар, сондай-ақ Yessenov University профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты. Биыл елімізде көрнекті философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығымен ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай Yessenov University қабырғасында Әл-Фарабижәне Абай атындағы 500 орындық екі оқу дәрісханасының ашылуы өтті.  width= Өңір басшысы университет студенттері мен оқытушыларын айтулы оқиғамен құттықтады. Конференция отырысы Zoom платформасы арқылы онлайн форматта жүргізілді. Танымдық шараның нәтижелі өтуіне ілтипат білдірген саяси ғылымдар докторы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев видео құттықтау жолдады  width= Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан жəне Түркияның Стамбұл, Өзбекстанның Хиуа қалаларынан ғалымдар қатысып, баяндама оқыды. Сондай-ақ «Бекет Ата танымындағы «Адам мен Ғалам концепциясы», «Бекет Ата жəне қазақтың көркемдік-эстетикалық танымы» бағыттары бойынша секция жұмыстары жүргізілді. Оған еліміздің əр өңірінен ынта білдірген ғалымдар мен Yessenov University профессор-оқытушылары, ғылыми қызметкер қатысты.  width= Өңірлік партия филиалының төрағасы С.Трұмов онлайн режимде жиынға қатысушырға сәттілік тілеп, түркі әлемінің басын біріктіріп, жастарды елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейтін шараның маңыздылығын атап өтті. «Бүгінгі жиынның да негізгі мақсаты – бабамыздан қалған рухани байлық пен тағылымы мол мағлұматты көпшілік қауымға, оның ішінде жас ұрпақтың бойы сіңіру. Бекет атамыз туралыбұған дейін де зерттеуші-ғалымдарымыз том-том кітап жазып, ғылыми еңбектерін арнады. Әрине, ұлы тұлғаларымыз жайында жазылып, зерттеліп, ел назарына ұсынылып жатса еш артық етпейтініанық», – деді өңірлік филиал төрағасы.