700 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген бір топ шенеунік ұсталды
700 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген бір топ шенеунік ұсталды
Ақмола облысында қосалқы станция салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, – деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қосалқы станция салу кезінде 700 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі шеңберінде Ақмола облысы аудандық әкімдік бөлімінің басшылары басқарған бір топ тұлғаны ұстады», – делінген комитет хабарламасында.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.