Президент Солтүстік экономикалық ынтымақтастық–2020 халықаралық форумында сөз сөйледі

Сондай-ақ!

Жәнібек Әлімханұлы: Мен – орта салмақтың патшасымын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақта чемпион атанған кез келген боксшыны жеңетінін айтып мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол өзінің Twitter...

Газ баллондарынан мүлде бас тарта алмаймыз – Энергетика министрі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев газ баллондарынан мүлде бас тарту мүмкін емес екенін айтты. «Газ баллондарынан мүлде бас тарта алмайтын...

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті, – деп жазды elbasy.kz. – Фракция отырысында «Nur...

Сізбен аттас қанша есім бар – тесттен өтіп көріңіз

Қазақстан Республикасы бойынша өзіңізбен аттас қанша адам бар екенін білгіңіз келе ме? Ендеше ҚР Ұлттық статистикалық бюросы ұсынған тестілеуден өтіп, тексеріп көріңіз. Ол үшін...

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 Халықаралық форумында бейне үндеу жасады. «COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды, – деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады.

Қазақстан Президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделгенін айта келе, елімізде өмір сүріп жатқан, достықтың «алтын көпірі» саналатын жүз мың корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қосқан үлесін атап өтті.

– Кореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды.

Сапар аясында қол қойылған «Самал жел» бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал жел» бағдарламасы мен «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясы «Цифрлы Қазақстан», «Нұрлы жол» секілді ұлттық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес келетінін айтты.

Мемлекет басшысы әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

– Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті. Президент бұл орталықтың шетелдік бизнеске арналған экожүйесінің бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жұмыстың табысты, ал Оңтүстік Корея Президенті мен Үкіметінің игі бастамаларының сәтті болуына тілектестік білдірді.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Санкт-Петербург тұрғыны алты баласын кепілде ұстап отыр

Санкт-Петербург маңындағы Колпино ауданында тұратын ер адам пәтерінде алты баласын кепілде ұстап...

Жәнібек Әлімханұлы: Мен – орта салмақтың патшасымын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақта чемпион атанған...

Газ баллондарынан мүлде бас тарта алмаймыз – Энергетика министрі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев газ баллондарынан мүлде...

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің...

Сізбен аттас қанша есім бар – тесттен өтіп көріңіз

Қазақстан Республикасы бойынша өзіңізбен аттас қанша адам бар екенін білгіңіз келе ме?...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...