COVID-19: Ресейде бір тәулік ішінде 400-ге жуық науқас көз жұмды

COVID-19: Ресейде бір тәулік ішінде 400-ге жуық науқас көз жұмды

COVID-19: Ресейде бір тәулік ішінде 400-ге жуық науқас көз жұмды
ашық дереккөзі
Ресейде өткен тәулікте 17 717 адамнан коронавирус анықталды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ТАСС. Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 1 581 693-ке жетті. Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штаб мәліметінше, өсім 1,1%-ды құраған. Шешенстан (0,4%) және Дағыстан (0,5%) Республикаларында тәуліктік өсу қарқыны төмендеген. Ал Мәскеуде бір тәулікте - 4 906, Санкт-Петербургте - 758, Мәскеу облысында - 514, Нижегород облысында - 386, Архангельск облысында - 319 адам коронавирус жұқтырған. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде 366 адам індеттен көз жұмғаны белгілі болды. Бұл да пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Ал пандемия басталғалы Ресейде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 27 301 адамға жетіп отыр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресейде жалпыға бірдей маскалық режим енгізілгенін хабарлағанбыз. Елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындар қоғамдық көлікте, таксиде, жеделсатыда, көлік тұрақтарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын өзге де орындарда бетперде тағуға міндетті.