Жаңалықтар

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

ашық дереккөзі

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Моңғолияда жергілікті әкімшіліктердің сайлауы аяқталды. Моңғолияның батысындағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағының әкім болып – қандасымыз Бауыржан Дәлелұлы сайланды. Еске сала кетейік, тамыз айында Моңғолия Парламент сайлауы болып, нәтижесінде Халық партиясынан – 62, Демократия партиясынан – 11, басқа коалицялардан – 3 Моңғолия Ұлы Құрылтайының депутаттық мандатына ие болған. Оның ішінде баян-өлгейлік үш қандасымыз Парламент депутатына сайлғанған. Олар – Қазақстан мен Моңғолия парламентаралық тобының төрағасы Бәделхан Қабдысіләм, Моңғолияның денсаулық сақтау саласының қайраткері Бейсен Бұлан және белгілі кәсіпкер Әубәкір Тілеухан. Қазанның 27-күні Баян-Өлгей аймақтық азаматтар өкілдері Құрылтайының бірінші отырысында Демократия партиясы атынан (Моңғолия президентінің кеңесшісі) Жандос Шәріп өз кандидатуарсынан бас тартып, 39 делегаттың (аймақтық депутаттардың) 100% дауыс беруімен Халық париясының үміткері Бауыржан Дәлелді аймақ әкімі ретінде сайлау туралы Қаулысын  Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагийн Хүрэлсүхке жолданған. Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін аймақтық азаматтар өкілдері Құрылтайының төрағасы және аймақтық Халық партиясының басшысы болып қызмет атқарған Бауыржан Дәлел Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды. Биыл Баян-Өлгей аймағынының орнауына 80 жыл толды. Бұған дейін аймақ әкімі болған басшылар: Қаби Бәжіұлы (1940-1942) А.Бэгзжав (1942-1943) Жеңісхан Дүзелбайұлы (1943-1950) Құрманхан Мұхамәдиұлы (1950-1952) Ч.Шагдар (1952-1953) Құрманхан Мұхамәдиұлы (1954-1955) Қабдыл Шәбіұлы (1955-1958) Рым Жуанғанұлы (1959-1970) Сарай Асқанбайұлы (1970-1978) Қызырхан Құсбекұлы (1978-1989) Т.Даваажав (1989-1990) Мизамхан Күнтуғанұлы (1990-1996) Мейрам Қадырұлы (1996-2000) Бәделхан Қабдысіләмұлы (2000-2004) Қабсаттар Омарұлы (2004-2007) Қабыл Сәкейұлы (2007-2012) Дәрмен Құзкейұлы (2012-2016) Ғылымхан Айыпұлы (2016-2020) Бауыржан Дәлел – 1976 жылы Баян-Өлгей аймағының Делуін сұмынында туған. Техника ғылымының магистры.