МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАНДАСЫМЫЗ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ
ашық дереккөзі
Моңғолияда жергілікті әкімшіліктердің сайлауы аяқталды. Моңғолияның батысындағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағының әкім болып – қандасымыз Бауыржан Дәлелұлы сайланды. Еске сала кетейік, тамыз айында Моңғолия Парламент сайлауы болып, нәтижесінде Халық партиясынан – 62, Демократия партиясынан – 11, басқа коалицялардан – 3 Моңғолия Ұлы Құрылтайының депутаттық мандатына ие болған. Оның ішінде баян-өлгейлік үш қандасымыз Парламент депутатына сайлғанған. Олар – Қазақстан мен Моңғолия парламентаралық тобының төрағасы Бәделхан Қабдысіләм, Моңғолияның денсаулық сақтау саласының қайраткері Бейсен Бұлан және белгілі кәсіпкер Әубәкір Тілеухан. Қазанның 27-күні Баян-Өлгей аймақтық азаматтар өкілдері Құрылтайының бірінші отырысында Демократия партиясы атынан (Моңғолия президентінің кеңесшісі) Жандос Шәріп өз кандидатуарсынан бас тартып, 39 делегаттың (аймақтық депутаттардың) 100% дауыс беруімен Халық париясының үміткері Бауыржан Дәлелді аймақ әкімі ретінде сайлау туралы Қаулысын  Моңғолияның Премьер-Министрі Ухнаагийн Хүрэлсүхке жолданған. Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін аймақтық азаматтар өкілдері Құрылтайының төрағасы және аймақтық Халық партиясының басшысы болып қызмет атқарған Бауыржан Дәлел Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды. Биыл Баян-Өлгей аймағынының орнауына 80 жыл толды. Бұған дейін аймақ әкімі болған басшылар:
  1. Қаби Бәжіұлы (1940-1942)
  2. А.Бэгзжав (1942-1943)
  3. Жеңісхан Дүзелбайұлы (1943-1950)
  4. Құрманхан Мұхамәдиұлы (1950-1952)
  5. Ч.Шагдар (1952-1953)
  6. Құрманхан Мұхамәдиұлы (1954-1955)
  7. Қабдыл Шәбіұлы (1955-1958)
  8. Рым Жуанғанұлы (1959-1970)
  9. Сарай Асқанбайұлы (1970-1978)
  10. Қызырхан Құсбекұлы (1978-1989)
  11. Т.Даваажав (1989-1990)
  12. Мизамхан Күнтуғанұлы (1990-1996)
  13. Мейрам Қадырұлы (1996-2000)
  14. Бәделхан Қабдысіләмұлы (2000-2004)
  15. Қабсаттар Омарұлы (2004-2007)
  16. Қабыл Сәкейұлы (2007-2012)
  17. Дәрмен Құзкейұлы (2012-2016)
  18. Ғылымхан Айыпұлы (2016-2020)
Бауыржан Дәлел – 1976 жылы Баян-Өлгей аймағының Делуін сұмынында туған. Техника ғылымының магистры.  width= Баян-Өлгей аймағының жаңа әкімі Бауыржан Дәлел туралы 10 дерек:
  1. Жылдық кірісі:102,5 миллион төгрөг
  2. Патер, құрылыс нысаны:Құны 162,6 миллион төгрөгке бағаланатын 1 хаус, 1 пәтер үй, тұрғын үйі, 1 автогражы бар.
  3. Автокөлік:Құны 12 миллион төгрөгке бағаланатын Toyota Camry автокөлігі бар.
  4. Мал саны:Жылқы 25, жүйрік ат 8
  5. Жері:847м2, 888м2 10 миллион төгрөг
  6. Жинақ:Жергілікті банктердегі есепшоттарында 65,6 миллион төгрөг жинақ қоры бар.
  7. Қарызы:4 млн төгрөг
  8. Компания:«Аумин» компаниясының 70% үлесін иемденеді.
  9. Басшылық: Баян-Өлгей АӨҚ-ның төрағасы және Халық париясының басшысы
  10. Тіл білімі: қазақ, моңғол, ағылшын, орыс, қытай тілдерін біледі.