Хоккейден Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған турнир өтті

Хоккейден Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған турнир өтті

Хоккейден Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған турнир өтті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қала­сында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған түнгі хоккей лигасы әуесқой командалар арасындағы шайбалы хок­кейден облыстық турнир өтті. Турнирге әуесқой хоккейшілерден құралған өңірі­міздің әр түпкірінен 7 команда қатысып, өзара мықты­ны анықтады. Турнир қорытындысында бірінші орын «Крылья Востока» командасына (Өскемен қаласы), жүлделі 2-орын «Торнадо» командасының хоккейшілеріне бұйырса, (Өскемен қаласы), 3-орынды Ertis командасы (Глубокое ауданы) иеленді. – Шайбалы хоккейден өткен турнир ұландық жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 толуына орай еске алуға арналды. Осындай тарихта есімі қалған батырларымызды әрдайым ұлықтап, дәріптеп, еліміздің болашағы жас ұрпаққа үлгі ету біздің парызымыз. Ұлан жері – батырлар мекені. Хас батыр, Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов кентінде дүниеге келгенім мен үшін мақтаныш. Аудан орталығы жыл сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Сала-уатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын жастарға үлкен қолдау көрсетіліп, спорт алаңдары да ашылуда. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде шағын хоккей алаңы ашылғаны өте тиімді болды. Алдағы уақытта әуесқой ко­ман­далар арасында хоккей спорты кең етек алып, Ұлан­ның командасы үлкен жетістіктерге жетіп, қатысу­шылар саны арта берсін демекпін, – деді жерлесіміз, «Торнадо» командасының жеңімпазы Серік Маратұлы.

Эльмира АХМЕТОВА