Дүйсенбі, 6 Ақпан, 2023

Жас ақындар мүшәйрасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылған Абайдың 175 жылдығына арналған Мүшәйра – республикалық жас ақындар конкурсы жобасы нәтижелі аяқталды.

Ұлы ақының өлеңдерінен және қара сөздерінен 2 ай бойы челлендждер мен викториналар ұйымдас­тыры­лып, оған 4,5 мыңға жуық адам қатысып, жеңімпаздарға 20, 30 және 50 мың теңгеге көлемінде сыйақы табысталды.  Жастардың жазу дағдыларын дамыту мақсатында он­лайн семинар-тренингтер мен мастер-кластар ұйым­дастырылды. Шараға елімізге танымал ақындар мен жазу­шылар, абайтанушы ғалымдар тартылды. Тренингке 500-ден астам, мастер-класқа 1 000-нан астам жастар қа­тысты.

Сондай-ақ 7-14 қазан күндері аралығында респуб­лика­лық жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.  Мүшайраға еліміздің 17 өңірінен 51 жас ақын қатысты. Арнайы құрылған Әділқазылар алқасы (Қазақстан Жазушылар Одағы поэзия кеңесінің төрағасы, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал ақын М.Райымбекұлы, Халықаралық «Илхам» сыйлығының лауреаты Д.Байтұрсынұлы, бірнеше мүшәйра жүлдегері А.Исаділ, «Серпер» сыйлығының лауреаты Ә.Шегебай және бірнеше мүшәйра жүлдегері М.Құнапияқызы) бар­лық үміткердің жұмыстарымен мұқият танысып, олар­дың әрқайсысын онлайн режимінде бірге отырып тың­дап, 4 жеңімпазды анықтады (Анықтама: Жеңім­паздар Ясауи атындағы ХҚТУ студенті Дәурен Тлеу­ханұлы­на «Гран-при» (Ақтөбе облысы, 500 мың теңге), «Әдебиет порталы» интернет-жобасының қызметкері Арман Шеризатовқа 1-орын (Нұр-Сұлтан қаласы, 300 мың теңге), «Еуразия+ОРТ» телеарнасы қызметкері Алмапыс Файзоллаға 2-орын (Нұр-Сұлтан қаласы, 200 мың теңге), Түркістан облысы жастар ресурстық орта­лығының баспасөз хатшысы  Рысгүл Досжановаға 3-орын (Түркістан облысы, 100 мың теңге) беру туралы шешім қабылдады.

Республикалық Мүшәйраға қатысқан барлық 51 жас ақын-жазушылардың өмірбаяны мен еңбектері жеке кі­тап болып басылып шығады және оларға ұлы Абай­дың бейнесі салынған футболка, нақыл сөзі жазылып, арнайы дайындалған сөмке және жазу дәптері табыс­талды.

Келешекте дәл осындай жобалар өз жалғасын табады деп ойлаймын.

А.Құсайынов,

Педагогикалық Ғылымдар академиясының президенті, академик

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button