Қырғызша сөйлескен екі қырғызға Ресей министрі ескерту жасады

Қырғызша сөйлескен екі қырғызға Ресей министрі ескерту жасады

Қырғызша сөйлескен екі қырғызға Ресей министрі ескерту жасады
ашық дереккөзі
Бауырлас қырғыз елі қазір егемендігін жариялағаннан бергі 29 жылдың аралығындағы ең күрделі кезеңді бастан кешіруде. Жақында Қырғыз республика­сы­ның жаңадан тағайындал­ған Cырт­қы істер министрі Руслан Қа­зақ­баев басқарған делегация Мәс­кеу­ге ба­рып, Ресейдің Сыртқы істер ми­нис­трі Сергей Лавровпен жолығып келді. Кез­десуде қырғыз-орыс қарым-қа­ты­нас­тарын одан әрі жалғастыру мәселесі қа­ралды. Сол кездесуде қырғыз теледи­да­­рының журналисі өз министріне сұрақ­ты қырғызша қойып, оған ми­нистр­дің қырғызша жауап қатқаны, С.Лавров тарапынан «үй иесін сыйламайсыздар ма!» деген ескертуі ың­ғай­сыздық тудырып, әлеуметтік желіде, әсі­ресе, қырғыз жұртшылығынан сын­ға ұшырады. Бірақ, бұл жағдай мәмілеге кө­леңке түсіре қойған жоқ. Мәлі­мет­терге қарағанда, премьер-министр-пре­зиденттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров шет елге бірінші сапары Ре­сейден басталмақшы. Ал енді Қырғыз Республикасын­дағы дүр­бе­леңнен кейін Ресей­дің Орталық Азия бойынша белгілі сарапшысы Ар­ка­дий Дубнов «Бішкектегі оқиғалар Мәс­кеудің ақылына сый­май жатыр» деп журналистерге сұхбат бер­ген еді. Қайтсін, оның алдында ға­лам­торда Ре­­сей мемлекет басшысының да Қыр­ғыз­станда бір түнде оқыс оқиға болып кеткендігіне таң қалғаны жөнінде әңгі­ме тараған. Мұның өзі Біш­кектегі осы оқиғаларға олардың ки­лікпегенін бай­қатады. Оның алдында ғана Соорон­бай Жээнбеков президент кезінде, Қырғызстанда парламент­тік сайлау басталардан алты күн бұрын Сочи қаласында Президент  Владимир Путинмен жолығып,  өзара ықпалдас­тық мәселесін талқылап, Қырғыз Рес­публикасында жағдай тұрақты екенін, сайлау тыныш өтетінін білдірген. Ғаламторда бір видеода АҚШ-тың «департамент өкілдерінің» түр­лерін көрсетпей бірнеше адамға төң­керісті ұйымдастыруға қаражат бе­ріп жатқаны жарияланған. Қырғыз­станның арнайы қызметі бұл таспаны тексеріп жатыр. Жалған түсірілім болуы да әбден мүмкін. Бірақ, АҚШ-тың Қыр­ғызстанға ықпал жүргізуге өте ын­талы екені қырғыз билігіне де, ха­лық­қа да жақсы мәлім. АҚШ тарапы Қыр­ғызстандағы әскери базаның Ал­маз­бек Атамбаев президент кезінде өл­кеден шығарылғанына әлі күнге дейін өкінуде. Сонымен, бүгінгі күнде Қырғыз­станның алдында бес күрделі мәселе тұр. Біріншісі, пандемияға қар­сы күрес. Өлкеде оның екінші толқыны бас­талды. Ауырғандардың қатарына күн сайын шамамен 50-дің айналасында жаңа адамдар қосылып, бұрынғыла­рын қоспағанда, 10 күннің ішінде жаңалары 6000 адамнан асып кетті. Бұл 1 миллионы шетте, 5 миллионы өз елін­де отырған халық үшін көп. Екіншісі, республиканың экономикалық жағ­дайы нашар. Өндірістер жарым-жар­тылай тоқтап тұр. Бірақ, баға күн сайын қымбаттап бара жатса да, азық-түлік жағы қазірше жеткілікті. Үшін­шісі, президенттік сайлаудың 2021 жылғы 10 қаңтарда бекітілді. Нәтижесі қандай болары белгісіз. Аркадий Дубнов айтпақшы, ақылмен болжау қиын. Төртіншісі, өлкенің Орталық Сайлау комиссиясы (ОСК) 24 қазан күні парламент сайлауын 2020 жылғы 20 жел­тоқсанда өткізу туралы шешім қабыл­даған. Комиссия мұны сайлау өткізу бойын­ша конституциялық заңға сүйе­ніп шығарды. Бірнеше күннен кейін республиканың ең жоғары заң шығарушы органы – Қырғыз Рес­пуб­ликасының Жоғарғы Кеңесі (ЖК) конституциялық сайлау заңына толық­тырулар енгізіп, оны уақытша президент С.Жапаров жарлықпен бекітіп берді. С.Жапаровтың инстаграм әлеу­мет­тік желісінде жазғанына қарағанда, пар­ламент сайлауы 2021 жылдың бі­рін­­ші жартысынан кейін өтуі тиіс. Жаңа жылдан бастап депутаттар жа­лақы алмай жұмыс істейтіні сөз болуда.  Енді, ОСК мен ЖК соттасуда. Қайсысы жеңері белгісіз. Садыр Жапаров президент болып сайлануға кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеп үлгерді. Заңға сәйкес, сайлауға бір ай қалғанда отс­тав­каға кетуге өтініш жазатынын білдірді. Саясатшылардың, сарап­шы­лар­дың, заңгерлердің бір тобы ОСК мен ЖК-ның арасындағы текетіресті «өл­кенің тұйыққа тірелуі» деп баға бе­ріп отыр. Жақын күндерде бұл мәселе бір­жақты шешілуге тиіс. Президент отс­тавкаға кетсе, елді ЖК-ның төраға­сы басқаруға тиіс. Бесінші мәселе, Қырғызстан Қы­тайдан алған қарыздарын келі­сім бойынша 2021 жылдан бастап қай­тара бастауы керек. Осы жылдың ая­ғында өлкенің сыртқы қарызы 5 мил­лиард долларға жақындайды. Бірін­ші орында – Қытайға қарыз: $1,7 млрд. Егер қарыздар өз уақытында тө­ленбесе, Қытай қарыздары үшін Тәжік­стан мен Шри Ланканың жер ресурстарын өте ұзақ мерзімге (50–100 жыл) пай­далануға алғаны сияқты, қырғыз же­рін де алуы, кейін мүлде шықпай қоюы мүмкін екен. Уақытша президент С.Жапаров жақында өлкеде «экономика­лық рақымшылық» жариялады. Оған сәйкес, егемендік жылдарынан бері мем­лекеттің қазынасын заңсыз пай­да­ланғандар, мемлекеттік мүліктерді заңсыз иеленіп алған шенеуніктер, жем­қорлар, «ұрылар» алғандарын мемлекетке қайтаруға тиіс. Қайтарылған қар­жылар елге жарияланғанымен, еріктілердің құпиялығы тек тиесілі орган­дарда ғана сақталады. Садыр Жапаров жемқорларға бір ай уақыт беретінін мәлімдеп:«Егер экономи­ка­лық рақымшылықты пайдаланба­саңыз­дар, заң жүзінде қатты шара қол­данамыз. Бұл – елдің талабы», – деді. Бүгінгі күнде Қырғызстанның бұрын бажы саласының басшысының орынбасары болған «Райым-миллион» лақап аты бар Райымбек Матраимов алдын ала 2 миллиард сом (теңгемен – 10 мил­лиард 600 миллион)  қазынаға ақша төлеп, бір күндік тергеуден кейін үйіне босатылды (Ол басқа төлқұжат алып шетелге қашпақ кезінде ұсталды). Журналисттердің зерттеулеріне қара­ғанда, ол сыбайластық тәсілімен 700 мың АҚШ долларын шетелге асырып жіберген деген сөз тараған. Рақымшылық арқылы мемлекет қазынасына қаражат түсіру, уақыт­ша президент үшін қаржы дағда­рысынан шығудың бір жолы болып отыр­ған сияқты.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

túrkistan-ның Қырғыз республикасындағы тілшісі (Бішкек)