Атырауда шақпақ қант шығарылмақ

Атырауда шақпақ қант шығарылмақ

Атырауда шақпақ қант шығарылмақ
ашық дереккөзі
Атырау облысында ағымдағы жылдың қыркүйегінде шақпақ қант өндірісі бойынша алғашқы цехті іске қоспақ, деп хабарлады облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметінде. Нысан келесі айдың ортасында қолданысқа беріледі. Өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асуы нәтижесінде аталған өндіріс орнын ашуға мүмкіндік туды. Жаңа жоба өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында мақұлданды. Оның қорытындысы бойынша «Береке Компаниялар тобы» ЖШС жалпы сомасы 31 миллион теңгені құрайтын несиеге субсидия алды. Бөлінген қаражат қант рафинадының өндірісі үшін қажет жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Ғимаратты жалға алдық. Қазір қондырғылардың жеткізілуін күтіп отырмыз. Тәулігіне 1,5 тоннаға дейін шақпақ қант өндіруді көздеп отырмыз. Цехтың толық қуаттылығы тәулігіне - 6 тонна қант. Цехте әр ауысымда үш жұмысшы еңбек етеді.