Көлікке таңдаулы номерді сатып алу - 5 млрд пайда түсірді

Көлікке таңдаулы номерді сатып алу - 5 млрд пайда түсірді

Көлікке таңдаулы номерді сатып алу - 5 млрд пайда түсірді
ашық дереккөзі
Әдемі көлік номерлерін сатып алып, көлігіне тағып қоюды көпшілік ұнатады. Сондықтан мұндай номерлерді сатып алудан бас тартпайды. Қымбат көлік нөмірлерін сатудан бюджетке 5 млрд. теңге түсті. Екі жылдан бері сатылымға қойылған келісті номерлерге сұраныс көп екен деп жазады Қазақпарат. «Норманы енгізген күннен бастап, (2014 жылдың 20 қазаны), қазіргі уақытқа дейін 11380 жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жиынтығы сатылды және олардың сатылуы есебінен бюджетке 5 283 079 953 теңге түсті». Халық арасында ең үлкен сұранысқа 007 мен 777 нөмірлері ие. Мемлекеттік тіркеу нөмірлері Алматы мен Астанада көп сатылған. «Әдемі» нөмірлердің бағасы Салық кодексінің 540-бабында белгіленген. 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сандары бар мемлекеттік нөмірлердің құны айлық есептік көрсеткіштің 13 700 пайызына тең келсе, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері айлық есептік көрсеткіштің 22 000 пайызын құрайды.