Жазира Жаппарқұл – Олимпиаданың күміс жүлдегері!

Жазира Жаппарқұл – Олимпиаданың күміс жүлдегері!

Жазира Жаппарқұл – Олимпиаданың күміс жүлдегері!
ашық дереккөзі
Кеше Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни зілтеміршілердің алтынға қол жеткізетініне уәде берген еді. Айтса айтқандай, Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 69 келіге дейінгі салмақта қазақ қызы ел қоржынына екінші күміс жүлдені сыйлады. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 келіні бағындырды. Жазира серпе көтеруде алдымен 140 келіге тапсырыс берді. Алайда оны бағындыра алмады. екінші мүмкіндігінде ол осы салмаққа қайта ұсыныс беріп, екіншісінде еркін көтерді. Ал үшінші  мүмкіндігінде Жазира Жаппарқұл 144 келіні бағындырды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз 259 келімен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және қазақ қыздарынан тұңғыш олимпиада жүлдегері атанды. Бұл салмақта бас жүлде қоссайыстың қорытындысы бойынша қытай қызы Сян Яньмэйге бұйырды. Үшінші орынды мысырлық Сара Ахмет жеңіп алды. Сонымен, бүгін Олимпиаданың бесінші күні қоржынымызға екінші күміс медаль бұйырды. Ал ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері ел қоржынына тағы да екі алтын салатындығына сенімді. Ендеше, спортшыларға сәттілік!