Нұртөре Жүсіп «Қазақстан Медиа Альянсының» төрағасы болып сайланды

Нұртөре Жүсіп «Қазақстан Медиа Альянсының» төрағасы болып сайланды

Нұртөре Жүсіп «Қазақстан Медиа Альянсының» төрағасы болып сайланды
ашық дереккөзі
«Қазақстан Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылар жиналысында Басқарма Төрағасы ауысты. Бұған дейін бұл қызметті Арманжан Байтасов үш жыл атқарған болатын. Бұл туралы бірлестіктің сайты хабарлады.  Жиналысқа қатысқан құрылтайшылар жаңа Басқарма Төрағалығына Н.Жүсіптің кандидатурасын қолдап дауыс берді. Нұртөре Жүсіп қазіргі кезде ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылғы 29 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі кентінде дүниеге келген. 1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде агроөнеркәсіп бөлімінен бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1990-1996 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі, бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, 1996-2002 жылдар аралығында – «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Астана хабары» газеттерінің бас редакторы, 2008-2019 жылдары – «Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды. 2019 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.