Аймақтарда жастар мәселесі талқыланды
Аймақтарда жастар мәселесі талқыланды
Тұрғын үй, жастарда жұмыспен қамту, білім сапасы және жеке даму мүмкіндіктері. Бүгін «Jas Otan» аймақтық филиалдарының жетекшілері осы мәселелердің барлығын жастармен және жасотандықтармен өткен кездесуде көтерді.
Сондай-ақ, Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Жүсіпов Абай:
«Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі карантин режиміне байланысты оқыту онлайн форматқа көшті. Осы орайда жастарды онлайн оқыту үшін арнайы сапалы контент әзірлеу ұсыныстары келіп түсті», - деп атап өтті.
Одан бөлек жастар тарапынан тұрғын үй, жатақхана, жұмыспен қамту және жеке кәсібін ашуда кезігетін өзге де проблемалар көтерілді.