Аймақтарда жастар мәселесі талқыланды

Аймақтарда жастар мәселесі талқыланды

Аймақтарда жастар мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
Тұрғын үй, жастарда жұмыспен қамту, білім сапасы және жеке даму мүмкіндіктері. Бүгін  «Jas Otan» аймақтық филиалдарының жетекшілері осы мәселелердің барлығын жастармен және жасотандықтармен өткен кездесуде көтерді.  width= Сондай-ақ, кездесу барысында студент жастардың пікірін ескере отырып, «Jas Otan» Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы және аймақтық Жол карталарды іске асыру сұрақтары талқыланды. «Jas Otan» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Хұдайбергенов Біржанның айтуынша, аталған өңірдің жастары бағдарлама мен жол карталарды әзірлеу барысына белсенді қатысқан.
«Jas Otan» 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы жастардың ұсыныстары мен өтініштерін іске асыру бойынша таптырмас бағдарлама деп ойлаймын. Осыған дейін біз «Жастар-Отанға!» бағдарламасына жастар арасынан ұсыныс-тілектерді жинасақ, бүгін жол картасына ұсыныстар жинап, толықтыру үшін бас қостық. СҚО жастары бағдарламамен толықтай танысып, жастарға берілетін қолдау, жастардың жобалары мен бастамаларын қаржыландыруды ұлғайту сынды ұсыныстарын білдірді», - деп атап өтті Құдайбергенов Біржан.  width=
Сондай-ақ, Қостанай облыстық филиалының жетекшісі                      Жүсіпов Абай:
«Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі карантин режиміне байланысты оқыту онлайн форматқа көшті. Осы орайда жастарды онлайн оқыту үшін арнайы сапалы контент әзірлеу ұсыныстары келіп түсті», - деп атап өтті.
Одан бөлек жастар тарапынан тұрғын үй, жатақхана, жұмыспен қамту және жеке кәсібін ашуда кезігетін өзге де проблемалар көтерілді.