Елордада жаңа көпір салынады
Елордада жаңа көпір салынады
Келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласының оң және сол жағалауын жалғайтын жаңа көпір салынады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасатын болады.
Көпірдің жалпы ұзындығы – 910 м, ені –36 м, шамдардың биіктігі – 5-тен 16 метрге дейін жететін болады. Көпір шамдары масақ түрінде жасалады. Жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игеру тарихи оқиғасымен байланысты.
Көпірде орналасқан төрт баған ою-өрнектермен безендіріледі. Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған.