Елбасы Нижат Рахимовты құттықтады

Елбасы Нижат Рахимовты құттықтады

Елбасы Нижат Рахимовты құттықтады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы ауыр атлетика сайысында алтын медаль иеленген Н.Рахимовты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын күресте мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», - делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі. Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейрода 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Нижат Рахимов қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтижемен алтын жүлдеге ие болды