NASA Айдың Күн сәулесі түсетін жағында су бар екенін анықтады

NASA Айдың Күн сәулесі түсетін жағында су бар екенін анықтады

NASA Айдың Күн сәулесі түсетін жағында су бар екенін анықтады
ашық дереккөзі
АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігінің (NASA) ғалымдары Айдың күн сәулесі түсетін жағында су бар екенін растады. NASA таратқан хабарда бұл жаңалық «Boeing» копаниясының ұшақ базасындағы инфрақызыл астрономиялық обсерваторияның көмегімен жүзеге асқан. Айдағы су қорының қазіргі кезде «ресурс ретінде» пайдалануға болатындығы белгісіз.«Біз SOFIA телескопы мәліметтерінің арқасында бірінші рет Айдың күнге қараған жағында судың бар екендігін растай аламыз. Бірақ оны ресурс ретінде қолдана алатынымызды әлі білмейміз. Айда су табу - бұл біздің «Artemis» зерттеу жоспарымыздың негізі», - деп жазған агенттік басшысы Джим Бриденштейн твиттер парақшасында.2024 жылы NASA-ның амбиссиялы «Artemis» бағдарламасы аясында американдық астронавттарды айға ұшырып, мұзды су қоры бар болуы керек Оңтүстік полюстің аймағында зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
NASA-ның мәліметінше, су, ауа және отын көзі ретінде олар ұзақ айлық сапарлардың негізгі қорына айналады және терең кеңістікті зерттеуге қолдау көрсетеді.